Фестиваль қауымдастық құруға, инновациялық идеялар мен бірлескен шығармашылық жобаларға шабыттандырады, жергілікті кəсіпкерлердің танымалдығын арттырып, мəдениеттер мен салалар арасындағы серіктестікке ықпал етеді.
Жоба жайлы
Go Viral Festival & Network – бұл Остиндегі (Техас штаты) SXSW фестивалінен шабыттанған аймақтық бастама, ол пікір көшбасшылары, жаңашыл əрі креатив адамдар арасында идеялар бөлісуге, мақсаттарына жетуге жəне белсенділер мен олардың қауымдастықтары үшін маңызды мəселелерді шешуде байланыс орнатуға көмектеседі.

Go Viral – бұл əрі фестиваль, əрі лекциялар, уоркшоптар, панельдік пікірталастар, фильмдер мен музыкалық қойылымдар, сондай-ақ АҚШ, Орталық Азия, Шығыс Еуропаның Медиа, Бизнес, Мəдениет жəне Технология саласындағы жетекші тренд-сеттерлерінен бірқатар іс-шаралар жиынтығы.
Іс-шаралар
Go Viral аясындағы шағын іс-шаралар жыл бойы Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда өтеді. Үш күндік Go Viral фестивалі жыл сайын Алматыда ұйымдастырылады жəне 2017 жылдан бері Қазақстан мен Орталық Азия, Шығыс Еуропа жəне АҚШ-тың медиа, мəдениет, бизнес жəне технология саласындағы жаңашыл жандары мен ойшылдарын біріктіреді.
Қауымдастық
Бүгінгі таңда Go Viral қауымдастығы 5500-ден астам адамнан тұрады, оның ішінде журналистер, кəсіпкерлер, креатив индустрия қызметкерлері, қоғамдық белсенділер жəне өзара тəжірибе алмасып, идея мен шабыт сыйлап, сондай-ақ жаңа жобалар мен шекарасыз серіктестік орнату үшін өздерін жақсы энергияға бөлегісі келетін əртүрлі сала мамандары бар.
Миссия
Go Viral – Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің демеушілігі мен қолдауының аясында IWPR-мен серіктестікте жүзеге асырылатын жоба. Ол адамдарға жаңа технологияларды пайдалана отырып, əлеуметтік медиа жəне жаңа платформалар
арқылы ойлап табуға, құруға, контент таратуға, ақпараттандыруға, көңіл көтеруге жəне ғаламдық аудиториямен сəтті қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Серіктестер

Барша жаңа ақпарат жайлы құлағдар болу үшін біздің парақшаларымызға жазылыңыз!


Бұл сайт АҚШ Мемлекеттік департаментінің гранты есебінен қаржыландырылды.
Мұнда айтылған пікірлер, түйіндер мен тұжырымдар авторға тиесілі жəне АҚШ Мемлекеттік департаментінің көзқарасын көрсетпейді.

© 2022 Барлық құқықтар қорғалған